Мәскеу метросында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайтын арнайы плакаттар ілінген пойыз жүре бастады

Күні: 18:54, 08-05-2015.

Астана. 8 мамыр. ҚазТАГ – Мәскеу метросында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайтын арнайы плакаттар ілінген пойыз жүре бастады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ү.ж. 7 мамырда «Сокол» электродепода Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы 12 постерден құрылған экспозициясы орнатылған арнайы «Народный ополченец» атты пойызының жүруі басталды», - делінген ҚР СІМ сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда атап көрсетілгендей, көшпелі экспозиция Қазақстанда құрылып, одан кейін Мәскеуді, Севастопольді, Ленинградты қорғауда, Украинаны азат етуге қатысқан дивизиялардың әскери жолы туралы, басып алынған аумақтарда партизандар қатарындағы қазақстандықтардың батыр істері туралы, сондай-ақ Елімізге көшірілген әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындарының майданды жабдықтауға қосқан үлесі туралы баяндап береді.
Қазақтың ұлы ақындары алдыңғы қатарда болған жауынгерлерге, блокадаға түскен Ленинград қаласы тұрғындарына арналған аталы сөздерін жолдап, шығармаларын оларға орындау арқылы рухани қолдау көрсеткені ерекше терең сезінетін тақырыпқа айналды. Мәселен, ұлы Жамбыл Жабаевтың «Ленинградцы, дети мои!» деген жолдау сөздері көпшілікке белгілі. Басқа суреттерде қазақтың кең байтақ даласына көшірілген халықтарды қазақтар жылы қабылдағаны туралы көрсетеді, ал жетім қалғандарды асырап алу кезінде жасаған постерлер мен деректі фильмдер ешкімді енжар қалдырмайды.
Мобильдік құрылғының иелері «Народный ополченец» пойызындағы суреттерде бейнеленген QR-код  арқылы экспозицияның кеңейтілген нұсқасымен таныса алады. Толығырақ айтқанда, кез келген метро жолаушысы Елшілік және «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бірлесіп әзірлеген Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнайы бейнероликтерді өздеріне еркін көшіре алады.
Жеңіске арналған, бірыңғай мағыналық композициясымен біріктірілген барлық жинағын алғанда, «Народный ополченец» пойызы 50 постермен жасақталған. Жеңіс пойызының экспозициясын қалыптастыруға Ресейлік әскери-тарихи қоғамдастығы, «Вечерняя Москва» газеті редакциясы, Мәскеуді қорғау мемлекеттік мұражайы, 1941-1945 жылдар кезеңінде Ұлы Отан соғысының орталық мұражайы да қатысты. Пойыздағы көрме алдағы жарты жыл кезеңінде жұмыс істейтін болады.
Пойыз экспозициясын ашу рәсіміне Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі Виктор Темірбаев, Мәскеу метрополитені басшысының орынбасары Владимир Погодин және жергілікті ардагерлік қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.
Бұл күндері, Қазақстан Елшілігінің қомқорлығымен Ресейдің ең ірі метрополитендерінде Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арнайы ұйымдастырылған бірыңғай жобаның іске асырылуы аяқталуда. 28 сәуірде Санкт-Петербор қаласы метросының үш бағыты бойынша «Жалпыға ортақ – Жеңіс!» деген ұранмен фашизмге қарсы шайқасудағы Қазақстан қосқан үлесі туралы экспозициялармен безендірілген вагондар жүре бастады. Ал мамыр айының басында Қазан қаласының «Проспект Победы» метро станциясында осы тақырыпқа арналған экспозиция ашылды.
«Народный ополченец» –1989 жылы Замоскворецкой бағыты бойынша жүретін Мәскеу метросының алғаш атаулы составтарының бірі. Басында бұл пойыз өзгелерден аз ерекшеленетін. 2006 жылы қарашада «Сокол» электродепоның құрамы жаңарып, вагондарда Мәскеу түбіндегі шайқас, соғыс кезеңіндегі оқиғалары туралы баяндайтын тарихи плакаттар пайда болды. Ал «Народный ополченец» жазбасы пойыздың барлық вагондарында пайда болды.


Жаңалықтармен бөлісу: