Мәскеуде қазақтың батыр ұшқышы Талғат Бигелдинов туралы фильм көрсетілді

Күні: 18:53, 20-02-2015.

Алматы. 20 ақпан. ҚазТАГ – Мәскеуде қазақтың батыр ұшқышы Талғат Бигелдинов туралы деректі фильм көрсетілді, деп хабарлады ҚР-ның РФ-дағы елшілігінің баспасөз қызметі.
«Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 70 жылдығын тойлау аясында мәскеулік Ардагерлер үйінде екі мәрте Кеңес Одағының батыры, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқышы, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов туралы «Көкке самғау» деректі фильмінің тұсаукесері өтті», - делінген елшілік хабарында.
Деректі таспа Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында ел қорғауға шақырылған 19 жасар өреннің тағдырын баяндайды. Ил-2-мен ол кеңестік ұшқыштардың алғашқыларының бірі болып Берлинді бомбалап, Кавказ бен Украинаны жаудан босатты. Фильмнің негізінде аты аңызға айналған штурмовик-ұшқыштың 1966 жылы жазған «Илдер шабуылдайды» мемуары жатыр. Бейнетаспаның қоюшы режиссері Ерген Тоқмырзин болса, сценарисі – Лаврентий Сон.
Фильмнің тұсаукесеріне ЕҚЫҰ Біріккен штабының, ТМД қорғаныс министрлер кеңесінің, РФ қорғаныс министрлігінің, мәскеулік қалалық ардагерлер кеңесі мен мәскеулік еңбек сіңірген әскери ұшқыштар клубының өкілдері шақырылған болады.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың 10 қарашасында Алматыда өмірінің 93 жасына қараған шағында авиация генерал-майор Т. Бигелдинов дүниеден озды.
1944 жылдың 26 қазанында Т. Бигелдиновтың гвардиясына Знаменка, Кировоград қалаларын азат ету кезінде танытқан ерлігі мен соғыс шеберлігі үшін, әуе шайқастарында жеке өзінің 4 жау ұшағын атып түсіргені үшін Кеңес одағының батыры атағы берілді.
«Алтын жұлдыз» атты екінші медаліне Т. Бигелдинов 1945 жылдың 27 маусымында эскадрилья епті басқарғаны және Краков, Оппельн (қазіргі Ополе), Катовице, Бреслау (қазіргі Вроцлав) және Берлин қалаларындағы ұрыстарда дұшпан әскері мен техникасының шоғырланған жеріне шабуыл жасау кезіндегі әскери ерліктері үшін лайық болды.
Соғыстың екі жылында Т. Бигелдинов штурмовикпен жаудың жердегі әскеріне қарай 305 әскери ұшу жасаған, әуе айқастарында 7 ұшақты атып құлатқан. Өзі де нысанаға іліккен.
1956 жылға дейін КСРО Әскери-Әуе күштерінде қызметін жалғастырды, 1957-ден 1970 жылға дейін – азаматтық авиацияда. Қазақ КСР мемқұрылым жүйесінде басқарушы лауазымдарды атқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: