Мәскеуде Назарбаев туралы кітаптың таныстырылымы болды

Күні: 10:57, 01-07-2015.

Мәскеуде Назарбаев туралы кітаптың таныстырылымы болды



Алматы. 1 шілде. ҚазТАГ – Мәскеуде Қазақстан президенті туралы «Жасампаз. Нұрсұлтан Назарбаев: Ресейден көзқарас» атты кітаптың тұсаукесері болды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен.
«Бұл кітап - орасан зор, қуатты ел туралы, ұлттық дипломатияның қалыптасуы туралы және ядролық сынақтар мен ең қырғынға ұшыратқыш қарудан бас тарту туралы, керемет Астананы – келешек мегаполисті салу туралы және Еуразиялық экономикалық кеңістікті қалыптастыру оңай болмағаны туралы ... Және ең бастысы – мыңжылдықтар тоғысында қазіргі заманғы гүлденген, көпұлтты Қазақстандай керемет халықаралық құбылысты тудырған адам туралы», - деп, кіріспесінде РФ федерация мүшесі, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары Виталий Игнатенко қадап айтқан.
Басылым үш бөлімнен тұратын композиция іспеттес. Біріншісіне белді ресейлік публицистердің, шолушылардың, халықаралық журналистердің Н. Назарбаев тұлғасының әр қырлары мен қызмет салаларына арналған  очерктері енді.  Жинаққа қатысқан публицистердің арасында – шығармашылық одақтардың, ірі  баспалардың жетекшілері, жоғарғы награда иегерлері мен атақты сыйлықтардың лауреаттары.
«Бұл очерктер бірін-бірі қайталайтын көшірмелер емес және қазақ халқының көрнекті ұлының  өмір жолын әр түрлі ой елегінен өткізген. Біздің кітап – Нұрсұлтан Әбішұлына, оның саясатына, оның еліне, оның халқына деген Мәскеуден көзқарас», - деді Ресей Журналистер одағының төрағасы Всеволод Богданов.
Кітапқа сондай-ақ Ресейдің ірі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің айтқан естеліктері, түсініктемелері, Қазақстанның тұңғыш президентіне берген жеке бағалары енді. Атап айтқанда, жинаққа Қазақстан көшбасшысына Ресей президенті Владимир Путиннің берген бағалары енді. Сондай-ақ жинаққа Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың, ТМД атқарушы хатшысы  Сергей Лебедевтің, мемлекеттік думаның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері бойынша, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет төрағасы Леонид Слуцкийдің, кеңестік үкіметтің бұрынғы басшысы Николай Рыжков пен т.б. пікірлері енді
Кітапқа Н. Назарбаевқа тікелей жазылған хаттар мен 75 жылдығымен құттықтаулар жеке блок болып енді.  
«Маған Ресейдің мемлекеттік, ғылыми және мәдени элиталарының Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулерінен алған әсерлерімен ой бөлісуге деген ұсынысқа тек дайындығы ғана емес, сонымен қатар Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін ой елегінен өткізудегі сан қырлылығы әсер қалдырды», - деді Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Марат Тәжин, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің бастамасымен басылып шыққан кітаптың жарыққа шығуына түсініктеме бере отырып.  
М. Тәжиннің пікірінше, Н. Назарбаевтың көшбасшылық факторы кәдімгі стандартты саясаттану модельдерінің аясына симайды. Ол, елбасы соңғы онжылдықтағы дағдарыстың басталу көзіне теориялық терең интерпретация берген қазіргі заманғы аздаған саясаткерлердің біріне айналды деп қадап айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің қолдауымен басылып шыққан кітаптың тұсаукесеріне ТМД мен бірқатар еуропалық елдердің дипломатиялық миссия басшылары қатысты.


Жаңалықтармен бөлісу: