Мәжіліске өткен сайлауда «Нұр Отан» партиясы 82% дауыспен жеңіске жетті - exit poll

Aстана. 21 наурыз. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. «Нұр Отан» партиясы сайлаушылардың 82% даусын алып, ҚР парламент мәжілісіне өткен кезектен тыс сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлады «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының жобалар жөніндегі директоры Юлия Кучинская.
«Партиялар бойынша нәтижелер келесідей болды. Мен партияларды сайлау бюлеттендерінде бекітілген тізім бойынша атайын. «Нұр Отан» партиясы үшін - 82%, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы үшін  - 7,17%, «Ақ жол» партиясы үшін - 7,22%, «Бiрлiк» партиясы үшін - 0,35%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы үшін - 1,21%, «Ауыл» партиясы үшін - 2,05% дауыс берілді», - деді Ю. Кучинская дүйсенбі күні, ҚР парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлаудағы exit poll қорытындысы және аралық нәтижелері бойынша өткен брифингте.
Cөйтіп, парламентке өтудің 7%-дық белесінен 3 партия асты: "Нұр Отан", Ақ жол" және ҚХКП.
Оның айтуынша, зерттеулермен 14 облыс және Астана мен Алматы қалалары қамтылған. Exit poll 750 сайлау учаскесінде өткізілген. Барлығы 75 мың сайлаушы сұрастырылды. Exit pollды өткізуге 1,2 мыңнан астам сұхбат жүргізуші жұмылдырылды.
Мұның алдында хабарланғандай, ҚР парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауында сайлаушылардың 77,1% дауыс берді. Бұл Қазақстандағы парламенттік сайлаудағы рекордтық көрсеткіш. Сайлаушылар тізіміне барлығы 9 791 165 адам енгізілген. Сайлау учаскелеріндегі дауыс санау уақыты дауыс санау басталған соң 12 сағаттан көп болмауы тиісті. Алдын ала мәліметтер бойынша, дауыс беруде Конституция мен сайлау туралы заң бұзылмады. Дауыс беру сайлау учаскелерінде жергілікті уақытпен 7.00 сағаттан басталып, 20.00 сағатқа дейін жалғасты.
Бюллетеньге енгізілгендер: «Нұр Отан» партиясы (127 кандидат), «Ак жол» демократилық партиясы (35 кандидат), «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы (19 кандидат), Қазақстанның коммунистік халық партиясы (22 кандидат), жалпыұлттық социал-демократиялық партия (23 кандидат) және «Бірлік» саяси партиясы (8 кандидат).
Сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 817 байқаушы қатысады, сайлау туралы ақпар тарату үшін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 147 өкілі аккредиттелген.

adimage