Маңғыстауда Амал мекересінің ұйымдастырушылары биыл Мұңал атаның ұрпақтары болатын болды

Күні: 14:33, 13-03-2015.

Актау. 13 наурыз. ҚазТАГ – Маңғыстауда қасиетті Отпан тауында Амал мекересінің ұйымдастырушылары биыл Мұңал атаның ұрпақтары болатын болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Мерекеге дайындық былтыр «Мұңал ата» қорын құрудан басталды. Маңғыстау облысының тұрғындары күш біріктіріп, «Отпан тау» кешені аумағында «Қарашаңырақ» мәдени композиция салды. Ол қазақтың киіз үйіндей, ортасында тайқазан орнатылған.
Ұйымдастырушылар хабарлағандай, мәдени бағдарлама 13 наурызда бәйгеден басталады, одан ары дастархан жайылып, бірлік алауы  - Бірлік отын жағу рәсімі өтеді. Оны Мұңал ата ұрпақтары жағады.
14 наурызда театрлардырылған «Амал келді-жыл келді» көрінісі жалғасады. «Қарашаңырақ» мәдени кешенді салтанатты ашады, ат жарыс, күрес болады. Жеңімпаздарды сыйлықтар күтіп тұр. Сол күні бірлік оты мен келесі мереке эстафетасы Амал атадан Қосай ата ұрпақтарына беріледі.  
Маңғыстаулықтар жыл сайын Амал мерекесін Отпан тауда атап өтеді. Ол жаңа жыл басталуының, күн мен түнің теңелуін білдіреді. Дәстүр бойынша оның ұйымдастырушылары қандай да ру өкілдері болып, ол жыл сайын ауысып отырады. 2014 жылы Амал ұйымдастырушылары Тобыш руының өкілдері болған.


Жаңалықтармен бөлісу: