Матаевтарға қатысты сот процесін заңгер таза саяси процес деп атады

Күні: 19:00, 16-09-2016.

Алматы. 16 қыркүйек. ҚазТАГ – Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың үстінен қозғалып отырған сот процесін таза саяси процесс деп атады.  
«Матаев, әрине, оппозиционер емес. Алайда сотталушы белгілі, қоғамда елеулі рөлі бар, белгілі бір ықпалды, зиялы топқа жататын адам болса (С.Матаев - президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы, қазіргі Журналистер одағының төрағасы) -  онда оған қатыстының барлығы саясат, кез келген элита ішіндегі процестер – саяси процестер, себебі олар саяси орнығу түрлерімен, саяси мақсатқа сәйкестіліктермен және т.б. анықталады», - деді Е.Жовтис жұма күні zonakz.net интернет порталына берген сұхбатында.  
Ол дәл осылармен сот отырысы барысында орын алып жатқан заңсыздықтарды түсіндіруге тырысты.  
«Біз саяси астары құқықтық жағынан асып жығылатын процеспен ұшырап отырмыз. Матаевтың ісіндегі шешім, үкім, бұл процестің барлық құқықтық салдары ақиқатты айқындау, процессуалдық нормаларды сақтау және т.б. түсінігінен емес, басқа түсініктен қабылданады. Заңды басшылыққа қандай да дәрежеде ұстануында осы астарға байланысты бүкіл құқықтық жүйе жұмыс жасайды: тергеуден прокуратураға дейін, прокуратурадан сотқа дейін. Бұл жерде судья, шын мәнісінде, заңнама талабына онша қатты қарап отырған жоқ, ол жоғарыдағы шешім қандай болар екен деген болжамға жалтаңдайды», - деді Е. Жовтис.
Бұл ретте заңгер С. Матаевқа қатысты ақтық шешім әлі шығарылған жоқ деп есептейді.
«Ол шешім жұмсақ та, қатқыл да болуы мүмкін, ол элитааралық сипаттағы әр түрлі факторларға байланысты. Және осындай жағдайда процесуалдық нормалар, сотталушының құқықтары сақталады деу өте күрделі», - деп тұжырымдады Е. Жовтис.  


Жаңалықтармен бөлісу: