Алматы. 13 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевқа қатысты соттың репрессиялық үкімінің астарында халықаралық агенттікті рейдерлік басып алу мен саяси астар жатыр, деп санайды Тәжікстанның тәуелсіз БАҚ қауымдастығында.
«Тәжікстанның тәуелсіз ақпарат құралдарының ұлттық қауымдастығы Сейтқазы Матаевқа – Қазақстан Журналистер одағының төрағасы мен оның ұлы – ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевқа қатысты сот үкімінің саяси астары бар деп санайды», - деп мәлім етті ТәжікТА агенттігіне қауымдастық төрағасы Нуриддин Каршибаев.
Көптеген тәжік журналистері Матаевтарға салық төлеуден жалтарғаны және мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін түрме мерзіміне ресми түрде ғана үкім шығарылып отыр, ал шындығында ол журналистің тәуелсіз ұстанымы салдарынан репрессияға ұшырауын еске түсіреді деп санайды.
Орын алған жағдайға түсінік бере келе, қауымдастық басшысы «процесс барысында соттың (Матаевты – ҚазТАГ) қорғаушы тараптың көптеген өтінішіне назар аудармауы әкелі-балалы Матаевтардың саяси қастық пен бірге рейдерліктің құрбандары болғанын білдіреді. Соңғы жағдай тек жағдайды қиындатып жіберді, себебі сот билігінің атқарушы билікке (президент билігіне) тәуелділігі жағдайында саяси астары бар кез келген қылмыстық істе сот төрелігін қорғаушысының (айыпталушының – ҚазТАГ)пайдасына шешпейтіні белгілі».
Тәжік журналистік құқық қорғау ұйымы басшысының пікірінше, С.Матаевқа, Қазақстанда ғана емес, Тәжікстан мен басқа да алыс және жақын елдерде де жақсы білетін журналиске қатысты «қыл бұрау салу» Қазақстанның саяси имиджіне кері әсерін тигізеді, елдегі инвестицялық климатқа кері ықпал етеді.
«Бұл мемлекет үшін сасяи және экономикалық салдарға әкеп соқтырады. Қазақстан журналистикасының екі белгілі тұлғасына шығарылған үкім қисынсыз қатал деп санаймыз. Біз қазақстандық әріптестеріміздің үміттерін бөлісеміз, ел билігі әлі де болса Матаевтар ісін қайта қарайды деп сенеміз», - деді Н. Каршибаев.
Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Матевтардың адвокаттары үкіммен келіспейтіндерін және оған шағымдануға ниетті екендерін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17