Алматы. 13 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың ісі Астана мен Алматыдағы ғимараттарды тәркілеуге бағытталған, деп санайды Өзбекстанның тәуелсіз журналисі Баходир Юлдашев.
«Мол тәжірибесі бар өзбек журналисі ретінде Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты қолдағым келеді. Бұл қылмыстық істе басынан-ақ бірдеме өршіп келді. Бұл істе және шығарылған үкімде барлығы немесе мүлдем барлығы мүліктерді тәркілеуге бағытталғанын түсіну үшін тым ақылды болудың немесе кәсіби заңгер болудың қажеті жоқ», - деп жазады Б.Юлдашев өзінің Facebook парақшасында бейсенбі күні.
Сонымен қатар, ол Матаевтарды қудалаудағы басты мақсат Алматы мен Астанадағы ғимараттарды тәркілеу деп топшылайды.
«Яғни оларды айыптау тек сылтау, бастысы - мүліктерін тәркілеу. Солай істегілері келген екен және соған қол жеткізген болса, демек ол әлдекімдерге керек болған. Оның үстіне, олардың мүліктері, бәрі көріп отырғандай, бастысы емес. Бастысы - Алматы мен Астанадағы ғимараттар. Ол активтердің бағасы тым жоғары болса керек, мүдделі тұлғалар соңына дейін барды - қылмыстық іс, сот және соттау», - деп түсіндірді журналист.
Оның пікірінше, посткеңестік кеңістікте мұндай рейдерлік басып алулардың «саны шексіз». Одан басқа, журналист адамды не болса соған айыптауға болатынын атап өтті.
«Егер мықты тырысатын болсаңыз, адамды не болса соған айыптауға болады, мұны құқыққорғау жүйесінде көптеген жылдар бойы жұмыс жасаған адам жазып отыр. Сейтқазы Матаев үшін мемтендер бойынша жымқыруды ойлап тапқан. Осы шыншыл және адал адамға қандай айып тағуға болатыны, менің кейбір жақсы достарым бетпе-бет кездесуде айтқандай, маңызды емес», - деп түсіндірді Б.Юлдашев.
Бұл ретте Б.Юлдашев атап өткендей, ол «Сейтқазы Матаев пен де және оның ұлы Әсетпен де таныс емес, бөтен адам».
«Менің қолыма қалам алуыма күн сайын және ұзақ оқитын жаңалықтар таспасы түрткі болды», - деп түсіндірді ол.
Б.Юлдашев әділдіктің орнайтынына үміт артты.
«Өз атымнан Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға табандылық пен шыдамдылық тілеймін. Егер бұл әлемде әділдік жоқ болса, салыңыз суға кетпесін. Ол бар. Және әйтеуір бір күні орнайды…», - дейді журналист.
Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Матевтардың адвокаттары үкіммен келіспейтіндерін және оған шағымдануға ниетті екендерін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51