Матаевтардың ісі бойынша аппеляциялық комиссия отырысы 5 желтоқсанға тағайындалды

Күні: 14:27, 08-11-2016.

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша аппеляциялық комиссия отырысы 5 желтоқсанға тағайындалды, деп хабарлады адвокаттар.
«5 желтоқсанға Астана сотында аппеляциялық сатының отырысы тағайындалды. Қай күнге тағайындалғанын ескерсек,  біздің бір де өтініштеріміз қарастырылмайды деп болжаса болады. Себебі аппеляциялық саты істі келіп түскесін бір айдың ішінде қарап шығуы тиісті. Іс қалалық сотқа 3 қарашада келіп түсті, судьяның аппеляция күнін тағайындау туралы қаулысы 7 қарашамен көрсетілген», - деді адвокат Мадина Бакиева сейсенбі күні.
Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С. Матаевтың адвокаты бұл үкіммен келіспей оны бұздырмақшы.


Жаңалықтармен бөлісу: