Матаевтардың үстінен сот ісінің басталуы мен Ұлттық баспасөз ғимаратының бұзылуы бір мезгілде өтіп отыруы кездейсоқтық емес – «Әділ сөз»

Күні: 18:48, 23-08-2016.

Алматы. 23 тамыз. ҚазТАГ – Матаевтардың үстінен сот ісінің басталуы мен Ұлттық баспасөз ғимаратының бұзылуы бір мезгілде өтіп отыруы кездейсоқтық емес, деп есептейді халықаралық сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева.
«Мұндай кездейсоқ сәйкестік болмайды. Осындай сәйкестік дерегі, мүлдем әр түрлі соттың – қылмыстық және азаматтық соттың, бірдей қоғамдық тұлғалардың мүдделеріне қатысты екі мүлдем ерекше сот қудалауындағы объекті мен субъектінің, бір күнде орын алып отыруы  мүлдем кездейсоқ сәйкестік салдары емес, Журналистер одағының төрағасына мақсатты түрде көрсетіліп отырған қысым деген ойға жетелейді», - деді Т. Калеева ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте ол Матаевтардың ісі бойынша тергеу мен Ұлттық баспасөз клубының екі жоғарғы қабатының салынуын тексеру бір уақытта басталғанын еске салды.
«Матаевтарды жымқыру мен салықтан жалтару туралы айыптау бойынша тергеу мен қандай да беймәлім ПИК төрайымының осы ғимараттың сейсмикалық беріктігіне күмән келтіру туралы шағымы бойынша тексерудің бір күнде басталуы, Сейтқазы және Әсет Матаевтардың «бұл іс мақсатты түрде жасалып отырған шабуыл және меншікке деген шабуыл, мүлікті әдейі тартып алу мақсатында жасалып отырған рейдерлік шабуыл, менің беделіме жасалып отырған шабуыл» деп айтқандары рас па деген ойға жетелейді», - деп қадап айтты Т. Калеева.
Еске салсақ, Астанада С. Матаев пен Ә. Матаевтың басты сот отырысы басталды.
Сот процессін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сот төрағасы Ақболат Құрмантаев жүргізуде. Сот отырысына бірнеше куә келді, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның басты әкімшілік директоры Батыр Маханбетәжиев, блогерлер, бірқатар БАҚ, сондай-ақ халықаралық сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілі қатысып отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: