Матаевтарды заңсыздықтардан қорғау туралы Назарбаевтың атына жазылған үндеуге шетелдік журналистер де қол қоюда

Күні: 19:19, 22-09-2016.

Aлматы. 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Қазақстан журналистері одағының басшысы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтарды заңсыздықтардан қорғау туралы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған үндеуге шетелдік журналистер де қол қойды.
«Мен басқаратын Новосібір облысының журналистер одағы он жылдан бері Қазақстан журналистер одағымен ынтымақтастықта. Біз Матаевтардың ісінен тыс қала алмаймыз! РФ Новосібір облысының журналистер қауымдастығы осы қылмыстық істің және болжаммен айтылған «күнәлардың» объективті қаралуын талап етеді. Біз ашық ақпарат көздерінен алған мәліметтерге қарасақ, Матаевтардың қылмыстық ісі – қарапайым «тапсырыс». Мәселе – ол кімнің тапсырысы екендігінде?...» - деп жазады РФ Новосібір облыстық Журналистер одағының басшысы Андрей Челноков.
Өз кезегінде Костромалық журналист Зинаида Савина С. Матаевты Қазақстанның ұлттық мақтанышы деп атады.
«Біліктілігі жоғары журналистер - ұлттық мақтаныш, және барлық деңгейдегі билік өкілдері оларға құлақ асулары керек, себебі олар өмірдің нағыз қызған ортасында жүр ғой», - депті ол.
Вашингтоннан, АҚШ, Колумбия штаты, Ержан Досмұхамедов шұғыл түрде адам құқығының бұзылуын тоқтатуды талап етіпті.
«Қазақстан өктемшіл мемлекетке айналды, ондағы күш құрылымдарының жүгенсіздігі 1937 жылғы сталиндік озбырлыққа тең. Біздің отандастарымыз Матаевтар дереу азат етілулері тиісті. Адамның фундаменталдық құқығынан айрылған ел азаматтарының езгісін шұғыл түрде тоқтату керек», - деп жазыпты ол.
«Матаевтар әр кез адал әрі арлы адамдар болып еді!», - деп жазыпты Асқар Тұрдығұлов Бішкектен.
Танымал қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов та үндеуге қосылыпты. «Сейтқазы мен Әсетті қолдаймын!», - деп жазыпты ол.
«365 info» порталының бас продюссері Дмитрий Бациевтің пікірінше, «журналистер арасында Сейтқазыдан артық сыйлайтын адам жоқ».
Айыптардың негізінің жоқтығын Alma TV бас директорының кеңесшісі Александр Ляхов атап көрсетіпті.
«Кез келген сот ісінде айыптар негізделген, тексерулер – заңды, сот – адал болуы керек. «Матаевтар ісінде», өкінішке қарай, мен, оның біреуін де көріп отырған жоқпын...», - депті ол.
Журналист Айдар Исаковтың пікірінше, Матаевтардың үстінен болып жатқан сот – бұл «өз азаматтарынан биліктің бір қадам алыстауы».  
«Сейтқазы Матаев – бұл қоғамның әр  түрлі және қарама-қарсы қабаттары үшін диалогтык алаң болып табылады.  Бұл кез келген қорланған адамға көмек. Бұл баррикадаға бармастан көбіне ішіндегісін шығарудың мүмкіндігі. Ол Қазақстандағы ең шыншыл және сирек кездесетін адамдардың бірі. Матаевтардың үстінен болып жатқан сот – бұл өз азаматтарынан биліктің бір қадам алыстауы.  Бұл радикалдану мен «бұранданың сынуына» алып келетін тағы бір бұрау. Оған қарсы айыптаулар орынсыз және шығынды. Ертең осындай сандырақ бойынша медиа бизнесінің кез-келген кәсіпкері мен өкілін отырғызуға болады», - деді ол.  
Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың атына жазылған үндеуді жақын шетелдегі - Санкт-Петербургте, Новороссийскіде, Костромада, Пятигорскіде, Бішкекте секілді, Қазақстан бойынша да қол қоюда  - Алматы, Астана, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Арал, Байқоңыр, Қостанай, Екібастұз, Теміртау, Қарағанды, Көкшектау, Қызылорда, Сарыағаш, Шымкент, Петропавл, Орал, Семей, Жаңаөзен және т.б.
Қол жинау мына мекенжай бойынша жалғасуда http://www.onlinepetition.ru/%D0%BE%D1%82%D0%BA%D1%80%D1%8B%D1%82%D0%BE%D0%B5-%D0%BF%D0%B8%D1%81%D1%.
Сонымен қатар, соңғы аптада ғана  Facebook-тегі «Матаевтар комитеті» парақшасында қол қоюшылар саны 3 есеге өскен.  


Жаңалықтармен бөлісу: