Матаевтың ісі бойынша байланыс комитетінің үш куәгерінің түсініктемесін оларсыз жариялауды шешті

Күні: 11:09, 14-09-2016.

Астана. 14 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың қылмыстық ісі бойынша байланыс, ақпараттану және ақпарат комитетінің үш куәгерінің түсініктемелерін олардың қатысуынсыз жария етуді шешті,   деп хабарлады агенттік тілшісі.  
Сот отырысының хатшысы мәлімдегендей, куәгерлер Айгарина (шетелде оқып жатыр), Байтанова (жүктілігіне байланысты), Бердешева (жүктілігіне байланысты).  
«Олай болса куәгерлер Айгаринаның, Байтанованың және Бердешеваның түсініктемелерін ҚПК 372 бабына сай жария етейік», - деді Астананың №2 Есіл аудандық сотының судьясы Ақболат Құрмантаев сәрсенбідегі сот отырысында.  
Белгілі болғандай, Айғарина сәуірден желтоқсан айына дейін шетелде оқып жатыр, Байтанова тұрмысқа шығып, жүктілігіне байланысты демалыста, Бердешева декреттік демалыста. Олардың барлығы түсініктемелерін өздерінің қатысуынсыз жария етуді сұраған.


Жаңалықтармен бөлісу: