Алматы. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР Журналистер одағының төрағасы С. Матаевтың ісі бойынша өтіп отырған мамандар Ұлттық жемқорлыққа қарсы күрес бюросына тәуелділер, деп мәлім етті Мадина Бакиева.
«Іске қатысып отырған мамандардың қорытындылары жұма күні баспасөзде үлкен күмән тудырды. Қаржылық бақылау комитетінің мамандары, Гумилев университетінің кафедра мамандары, орыс тілінің профессоры, онда журналистер, саясаткерлер, тарихшылар қорытынды беріп жатты, олар сол 10 күннің ішінде сол 15 мың сілтемені тексеріп, олар жаңалыққа, талдама материалдарына сай келетінін анықтағандай... Олардың бәрі де оны Астанадағы жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының кабинетінде жасағанын және оларға ол жерден сыртқа шығуға рұқсат бермегенін айтты. Бұл ол мамандардың оларға тәуелділігін айтып тұр», - деді М. Бакиева дүйсенбі күні Zonakz интернет-порталына берген сұхбатында.
Бұл ретте ол судьяның бірнеше рет мамандардан жауап алуды тоқтатып отырғанын қадап айтты.
«Маман Ольга Муравьева барлық сілтеме ашық болғаны туралы айта бастағанда, бізге жауап алуды тоқтатып тастап, шұғыл түрде ІТ-технология маманын шақыртты. Бірақ ол ешқандай да ІТ-технологияның маманы емес, онда тым болмаса жоғарғы білімі де жоқ. Ол тергеушінің немере бауыры және тергеу тобының құрамына қосылған. Судья қайтадан процессті тоқтатып тастады, себебі мемлекеттік айыптаушы да, зардап шегуші де үрейленіп кетті», - деді М. Бакиева.
Одан басқа, ол, егер судья маманды соттан алып тастау туралы өтінішті қанағаттандырмайтын болса, олар судьяны ауыстыру туралы мәлімдеме жасайтындығын мәлім етті.
Еске салсақ, Астанада 23 тамызда С. Матаев пен Ә. Матаевтардың басты сот отырысы басталғанды. Сот процессін Астана қаласының №2 Есіл аудандық сот төрағасы Ақболат Құрмантаев жүргізуде.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17