Матаевтың ісі көрсеткендей, Қазақстанда өмір сүру және жұмыс жасау қауіпті болып барады – саясаткер

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ – ҚР журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісі Қазақстанда өмір сүру және жұмыс жасау қауіпті болып бара жатқанын көрсетті, деп есептейді саясаткер Сергей Акимов.
«Белгілі бір ортада бұл іске сенімсіздікпен қарау деңгейіне қарасақ, қоғамның озық бөлігіның наразылығы тым артып барады. Олардың әрқайсында бұл елде өмір сүру, бизнеске қатысы бар қандай да тірлікпен және қоғамдық жұмыспен айналысу қауіпті болып бара жатыр ма деген ой жылт етті. Бұл өте маңызды месседж. Ол жалпы жағдайдың, оның ішінде қаражаттың елден кетуі мен халықтың миграциясын тудыру арқылы экономиканың нашарлауына әкелуі әбден мүмкін», - деді С. Акимов бейсенбі күні zonakz. порталына берген сұхбатында.
Оның пікірінше, Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға шығарылған қатаң үкім арқылы жүйе айдан анық месседж жібергендей болды: егер бизнесті сұрайды екен – бер.
«Біз Матаев өзінің соңғы сөзінде шындықты айтты ма, жоқ па, онысын білмейміз. Егер былай ойласақ: егер Нұрлан Нығматуллин баз біреуге бір нәрсе туралы ымдаса – ол адам қуана-қуана бәрін береді және орнына ештеме сұрамайды», - деп есептейді С. Акимов.
Сонымен қатар ол Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа қатысты үкім БАҚ-тардағы өзіне-өзі цензура жасау шекарасын кеңейте түседі, тәуелсіз басылымдардың редакторлары тез көнгіш болатын болды деген болжам айтады.
Еске салсақ, С. Матаев соттағы өзінің соңғы сөзінде оны қылмыстық қудалауға тапсырма бергендердің атын атады. Олдардың арасында парламент  мәжілісінің төрағасы Н. Нығматулин болды. С. Матаевтың айтуынша, Н. Нығматулин бірнеше рет одан осы қылмыстық істі жауып тастауға айырбас ретінде халықаралық ҚазТАГ агенттігін беруін сұраған.  

adimage