Матаевтың ісі жөніндегі апелляциялық саты судьялары заң нормаларының өңін өзгертіп жібергені соншама, тіпті заң факультетінің студенттері де таң қалар еді – адвокат

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Сейтқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша апелляциялық сот судьялары заң нормаларын өзгертіп жібергені соншама, оған тіпті заң факультетінің студенттері де таң қалар еді, деп мәлім етті адвокат Мәдина Бакиева.
«Апелляциялық саты судья Құрмантаевтың (Астананың Есіл аудандық №2 сот судьясы Ақболат) айтқандарын сөзбе-сөз қайталады. Үкімнің айыптау актісі мен апелляция қаулысы да бір бірін қайталайды. Үш судья осы заңдардың негізгі нормаларын өңін айналдырып тастағаны соншама, оған тіпті заң факультетінің студенті келіспеуші еді», - деді М. Бакиев жұма күні агенттікке.
Оның айтуынша, «апелляциялық саты қандай да экстрасенсорлық қабілетімен бірінші сатыда болмағандарды байқап қалды: қорғаушылар іске қосқан құжаттар мен заттай айғақтарды зерттеуді».
«Барлық фирмалар «Қазақтелекомға»  тегін жұмыс жасаулары керектігін заңдастырды, БАҚ бойынша мемтапсырысты мүдделі адамдар не десе солай, кез келген түрде өңін өзгертуге болады, және бәріне бірдей, заңды тұлғаларға да, жеке тұлғаларға да салықты жапсыра беруге болады», - деді ол.
Адвокат Матаевтардың мүліктерін тәркілеу туралы да еске алды.
«Мүліктерді тәркілеуге қатысты олар 2001,2006,2007 жылдары алынған мүліктер уақыт жағынан 2010-2015 жылдарға сай келеді деп есептеп отыр. Орынбар№ 8 (Астанадағы – ҚазТАГ) мекен жайындағы әкімшілік ғимаратты тәркілеу туралы Құрмантаевтың шешімін бекітті. Барлық министрліктер далада қалады. Яғни 2001, 2006 және 2007 жылдары сатып алынған мүліктер, судья болжамынша 2010-2015 жылдары сатып алынған», - деп тұжырымдады М. Бакиев.  
3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын алаяқтық жасаған және салықтан жалтарды деп айыптап, мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 3 қарашада іс Астана қалалық сотына түсті.
Бүгін, 9 желтоқсанда Астана сотының апелляциялық коллегиясы Матаевтардың басшылық қызметте болу құқығына өмір бойына тыйым салудан 10 жылға тыйым салуға өзгертіп, негізгі жазасын өзгеріссіз қалдырды

adimage