Матаевтың ісін жүргізіп отырған судья Конституция мен ҚПК нормаларын өз еркінше түсіндіріп отыр – адвокат

Күні: 13:12, 14-09-2016.

Алматы. 14 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың ісін жүргізуше судья Ақболат Құрмантаев ҚР Конституциясы мен Қылмыстық-процессуалдық кодекс (ҚПК) нормаларын өз еркінше түсіндіріп отыр, деп мәлім етті адвокат Мадина Бакиева.
«Сотқа тартылғандардан жауап алу керек еді. Сотқа тартылып отырғандар, ҚР Конституциясында, ҚПК-де,  сондай-ақ адам құқықтары жөнендегі халықаралық пактілерде қарастырылған өздерінің құқықтарын пайдаланып, қазірге көрсетулер беруден бас тартты. Бірақ судья Әсет Матаевқа бұдан басқа көрсетулер беруге мүмкіндігіңіз болмайды деп, сес көрсету арқылы барлық актілердің нормаларын дөрекі түрде бұзды. Яғни сот Конституция мен қылмыстық-процессуалдық кодекс т.б. нормаларын өз бетінше түсіндіріп отыр. Және сотқа тартылып отырғандарға қысым көрсету арқылы олар көрсетулер беруге мәжбүрлеуде», - деді М. Бакиева сәрсенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.
Бұрын хабарланғандай, Сейтқазы мен Әсет Матаевтар ҚР ҚПК нормаларына сай байланыс комитетіне қатысты эпизод бойынша қазірге көрсетулер беруден бас тартты.


Жаңалықтармен бөлісу: