Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Сейтқазы Матаевқа әріптестері оның туған күніне тезірек бостандыққа шығуын, әділдіктің орнауын және денінің саулығын тілейді.
«Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Бейсенғазыұлы Матаевты туған күнімен құттықтайды. Біз әділдіктің орнайтынына, негізсіз айыптардың алынып тасталатынына, және елдегі журналистік қоғамдастық көшбасшысының жақын арада мемлекет пен қоғам үшін өз қызметін жалғастыратынына сенеміз. Сізге, Сейтқазы Бейсенғазыұлы, мықты денсаулық, табандылық пен оптимизм тілейміз!», - делінген дүйсенбідегі «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының хабарында.
Өз кезегінде «Адам құқығы хартиясы» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова Сейтқазы мен Әсет Матаевқа бостандық тіледі.
«Оған да, Әсетке де бостандыққа шығып, әділдіктің орнауын тілейміз», - деді ол.
Zonakz интернет газетінің бас редакторы Юрий Мизинов бостандыққа шыққаннан кейін С.Матаевтың толығымен ақталып шығатынына сенім білдірді.
«Мен оған қатысты болып жатқан мына тірліктер үшін қатты алаңдаулымын. Жалғыз ғана тілегім – тек ол сол жерден шықса екен. Мен осының барлығының оның пайдасына тезірек аяқталғанын қалаймын. Мен, егер ол шығатын болса, толықтай ақталып шығады деп ойлаймын», - деп атап өтті ол.
Қазақстандық адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис С.Матаевқа үмітін жоғалтпауды тіледі.
«Ол түскен жағдайды ескерер болсақ, оған денсаулық, ең алдымен, психологиялық денсаулық тілеу керек, себебі тергеу абақтысы – денсаулықтың сақталуына онша ықпал ете қоймайтын жер. Атмосфера еңсеңді басады, әділсіздік еңсеңді басады, ондағы қандай болсын қарым-қатынас еңсеңді басады. Сондықтан, бірінші тілегім - денсаулық, физикалық және психологиялық денсаулық», - деді Е.Жовтис.
«Екінші – үмітін жоғалтпаса екен. Кейде адам қажып кетеді, әсіресе, ештеме дәлелдей алмаған кезде, бірақ үмітін үзбеу керек, оны елде көп адамның сыйлайтынын, құрметтейтінін, қолдайтынын және әділдіктің орнайтынына сенім артатынын білсін. Бұл ең басты екі тілек», - деді ол.
«Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменованың басты тілегі денсаулық болды.
«Біріншіден, дәрігер ретінде мен денсаулық тілеймін. Менің түсінуімше, оның денсаулығында үлкен кінәраттар бар және қазір ол басынан кешірген сот процестері оның жағдайын жақсартпайды, ол гипертониялық аурулармен, қан тамырлары ауруларымен байланысты. Мен оның қалай сөйлегенін, өз құқығын қорғап жатқанын, кәнісінің жоқтығын дәлелдеп жатқанын оқып жүрмін, ол рухы мықты және ержүрек жан. Мен бірініші кезекте оған сол мықты рухын сақтауын, солай мықты болуын, және ең бастысы – денсаулық тілеймін, Құдай тағала оны, оның ұлын, жақындарын қорғап жүруін тілеймін», - деді ол.
Б.Түменова «оның тағдырын шешіп отырғандардың бір кездері оған және оның ұлына әділдік жасайтынына» үміт артты.
«Менің соған сенгім келеді», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада Кәрім Мәсімовтің тәркіленген элиталық үйі аукционға шығарылды
10 Ақпан 2025, 17:11 -
2024 жылдың IV тоқсанында орташа жалақы 10,5%– ға өсті - ҚР ҰСБ
10 Ақпан 2025, 17:09 -
Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
1 Қаңтар 2025, 00:53