Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – ҚР Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаевты соттау арқылы билік өзі мен баспасөз арасындағы жалғыз делдалынан айырылды, деп санайды саясаттанушы Данияр Әшімбаев.
«Өкінішке орай, С.Матаевтың жағдайын кім шешіп бере алар екен, әр тарап аз шығынмен тарқаса алатындай белгілі бір ымыраны кім табар екен деген сұрақ туғанда, ол тек қана Сейтқазы Матаевтың өзі болып шықты», - деді Д.Әшімбев дүйсенбіде «Экспресс Қазақстан» журналына берген түсініктемесінде.
Оның айтуынша, С.Матаевты кәсіби орта медиатор, бейтарап тарап деп таныды, билік пен тәуелсіз баспасөз ортасындағы делдал бола білді және журналистер мен билік арасында жанжал туындағанда да олар С.Матаевқа баратын.
Саясаттанушымен экономист Петр Своик те келіседі, ол С.Матаевты «қазақстандық қоғам үшін белді және жағымды тұлға» деп атады.
«Ол сияқты президенттің баспасөз қызметінен шығып, Қазақстан Журнаистер одағын құрған және барлық саяси күштерден өзін алыс ұстаған басқа тұлға жоқ», - деп атап өтті ол.
Өз кезегінде саясаттанушы Айдос Сарым С.Матаевқа қарсы процесс арқылы журналистер мен мемлекет арасындағы сенімге дақ түсті деп санайды.
«Олардың көбінде (журналистердің – ҚазТАГ) мемлекетпен жұмыс жасауға қандай да бір құлшыныс жоқ. Журналистік ортада апатиялық көңіл күй орын алған, кейбірі бұл мамандықтан кету керек деп айтып та жүр. Айталық, қазір электоралды кампания ұйымдастырып, қандай да бір реформаны түсіндіру керек болса, мен бүгінгідей шашырап кеткен баспасөзбен бірдеме жасауға болады деп ойламаймын», - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Матевтардың адвокаттары үкіммен келіспейтіндерін және оған шағымдануға ниетті екендерін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14 -
Қазақстандық оқушылар Экономика бойынша Халықаралық олимпиадада жүлдегер атанды
9 Қыркүйек 2024, 11:11 -
Қазақстанға Көшпенділер ойынында көкпарға қатысу үшін америкалық ковбойлар келді
9 Қыркүйек 2024, 10:56 -
Талдықорғанда орамдық қазандық салуға Т9,7 млрд астам қаражат жұмсамақ
9 Қыркүйек 2024, 10:40 -
Дүйсенбі күні Астанада және Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
9 Қыркүйек 2024, 10:00