Алматы. 1 маусым. ҚазТАГ – Маусым айында Қазақстанның 4 облысында жауын-шашын көпжылдық нормадан төмен болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Биылғы маусым айы температура жағынан көпжылдық нормаға сай болады: солтүстік бөлігінде теріс ауытқулар болса, оңтүстік бөлігінде – оң ауытқулар фонында болады», - делінген сәрсенбі күні таратылған маусым айына берілген консультативтік болжамда.
Синоптиктердің мәліметтерінше, алғашқы жазғы айда жауынды болады. Бірақ Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының басым аумағында және Қарағанды облысының батысында ылғал көпжылдық нормадан төмен болады.
Бұл ретте маусым айының басында Қазақстанның солтүстігінде минус 2°С –қа дейін үсік жүреді.
«Ай басында салқын және ылғалы мол ауа ағымынан тұратын жоғарғы циклон салқын, жауын-шашын әкеледі. Еліміздің солтүстігінде ауа температурасы +1+6 °С, жекелеген аймақтарда -2°С-қа дейін суытады», - делінген болжамда.
Сол аралықта еліміздің оңтүстігі мен батысында күн күркіреп, жауын жауып, ыстықты төмендетеді. Мысалы, батыста ауа температурасы түнде +7°С-ден күндіз +20°С аралығында, оңтүстікте түнде +10°С –тан күндізгі +35°С аралығында тербеледі.
Одан кейін жылы ауа массасының Орталық Азия аумағынан кетуімен еліміздің солтүстігінде +23+31°С, оңтүстігінде +33+40°С-қа дейін көтеріледі.
Сондай-ақ хабарда маусым айында күн суытуының екі толқыны өтеді делінген. Ол - айдың ортасы мен соңында болады. Ал қалған күндері көбінесе жылы ауа райы болып - еліміздің солтүстігінде +34°С, оңтүстігінде +40°С-қа дейін ысиды.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45