Маусымда Қазақстанда суық ауаның екі толқыны болады деп күтілуде – синоптиктер

Күні: 12:31, 02-06-2015.

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ – Маусымда Қазақстанда суық ауаның екі толқыны болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Осы айда суық ауаның екі толқыны – айдың ортасында және үшінші онкүндік басында өтеді. Сол кезде ауа райы нашарлайды», - делінген синоптиктердің сейсенбі күнгі таратқан хабарында.
Жалпы алғанда осы ай Қазақстанның басым аумағында жауынды және жылы болады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы норма шегінде болып, қалған бөлігінде нормадан артық, ыстық болады деп болжауда.
«Болжам бойынша осы кезеңде бүкіл Қазақстан аумағында ауа температурасы нормадан 3-10º артық болады», - делінген болжамда.
Ауа температурасының нормадан артықтығынан республиканың батыс және солтүстік облыстарында өтпелі жауын жауып, күн күреуі, желдің жылдамдығы 13-20 м/с күшейю ықтималдығын арттырады. Бірақ демалыс күндері-ақ, 6-7 маусымда оңтүстік циклонның келуінен елдің басым аумағында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, жекелеген өңірлерде бұршақ жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді.
«Батыста 7-8 маусымда орташа ауа температурасы 18-25°С, солтсүтік пен солтүстік-батыста 8-10 маусымда 13-20°С суытады, оңтүстікте 9-10 маусымда 20-27°С, оңтүстік-шығыста 10-11 маусымда 18-25°С, шығысында 11-12 маусымда 13-23°С болады», - деп болжайды синоптиктер.
Республиканың басым аумағында ылғалдың айлық көрсеткіші норма аясында не одан артық болады, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында құрғақшылық болуы мүмкін.  


Жаңалықтармен бөлісу: