ҚМДБ Рамазан айы 24 сәуірде басталатынын айтты

Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. ҚМДБ Фесенков орталығының мәліметіне сүйене отырып, Рамазан айын 24 сәуірге белгіледі, деп мәлімдеді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, Рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталатын болды», - деді Тағанұлы сейсенбі күні ОКҚ-де.

adimage