Медеуде дауыл құлатып кеткен 1,3 мың ағаштың орнына 250 ағаш отырғызылды

Күні: 11:42, 07-04-2015.

Алматы. 7 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. «KZ Табиғат Мирасы» ЖШС «Медеу» мемлекеттік өңірлік саябағында 1 мыңнан астам ағаш отырғызуға міндеттенеді, деп хабарлады Алматының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан.  

«2014 жылы түгендеу жүргізілді (2012-2013 жылы отырғызылған ағаштарға - ҚазТАГ), нәтижесінде «KZ Табиғат Мирасы» ЖШС-ға 1300 ағашты қалпына келтіру бойынша шағым жасалды», - делінген сейсенбіде ҚазТАГ сұранысына берілген жауапта.  

2014 жылдың қазанында «KZ Табиғат Мирасы» ЖШС 250 дана ағашты қалпына келтіргені айтылған, бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.  

Ағаштарды отырғызу «Медеу» мемлекеттік өңірлік саябағының 2011 жылғы дауылдан зардап шеккен учаскесінде жүргізіліп жатыр. 2012-2013 жылдары ол жерлерде шамамен 10 мыңдай ағаш отырғызылған: қылқанды жапырақтылары 8,5 мың, жапырақты ағаштар саны 1,7 мың.  

Еске салсақ, 2011 жылдың 17 мамыры мен 27 маусымында соққан дауылдың салдарынан Іле-Алатау ұлттық саябағында жалпы алаңы 480 гектарда шамамен 100 мыңдай ағаш құлады. Негізінен 100-300 жас аралығындағы Тянь-Щань шыршасы зардап шекті.  

Сонымен қатар 2012 жылдың 22 тамызында Медеу шатқалындағы Мохнатка тауының бөктеріндегі көк шөп пен бұталар, ағаштар өртенді. Өртке оранған алаң 77,6 га құрады, оның ішінде орманды алқабы 47,6 га. Өрттің салдарынан келтірілген жалпы зиян көлемі Т388,3 млн.  


Жаңалықтармен бөлісу: