Aстана. 25 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Құрметті отандастар!
Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!
Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар – бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтың терең мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі.
Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастың жылылығы мен айналасындағылардың қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалады. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктің орнауына, халқымыздың татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл – еліміздің одан әрі тұрақты және сенімді дамуының басты кепілі.
Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтың жылуын ұялатсын!
Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!
Ораза айт қабыл болсын!
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46