Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Күні: 13:21, 21-03-2014.

Астана. 21 наурыз. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Мен барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын», - деді Н. Назарбаев жұма күні алаңда.

«Бұл мейрам бес мың жыл тойланып келеді. Ол бірліктің, бауырластықтың, төзімділік, толеранттық пен тұрақтылықтың символы, осы жол нақ қазақстандықтардың жолы, дәл осы идеяны біз тәуелсіз 22 жылда іске асырып келеміз», - деді мемлекет басшысы.  

Президент Қазақстанда барлығы бір-бірімен тең екендігін және ешкім де ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсітілмейтінін атап өтті.

«Әлем өте нәзік және күрделі, әр жылы 30 қарулы қақтығыс болып тұрады. Оларда жүздеген мың адам қаза болып, 800 млн адам аштықты басынан кешіруде, 400 млн адам суға мұқтаж, Жер шарында 40 млн балалар аштықтан өлуде. Әлем шыны сияқты шытынайын деп тұр. Кез келген бұрыс қозғалыс біздегі барды тас-талқан етуі мүмкін», - деді Н. Назарбаев.

Президент пікірінше, дәл осы бейбітшілік, тұрақтылық пен өзара түсіністік арқасында Қазақстан дамып отыр.

«Бізде ортақ арман - әлемнің дамыған деген 30 елінің қатарына ену, демек, барша қазақстандықтар үшін солар сияқты өмір сүру және даму деген сөз», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда «Жұмыспен қамту» бағдарламасының арқасында 230 мың жұмыс орны ашылып, жаңа мамандықтарға 200 мың адам үйретілгенін еске салды.

Президент жұмысшыларына жалақыларын көтерген барша бизнес пен кәсіпорын басшыларына алғысын айтты.

«Ол дегеніңіз 1,5 млн адам жалақылары көтеріледі деген сөз», - деді ол.

Астанада Наурыз мейрамын тойлау аясында «Қазақ елі» монументінің алаңында «Наурыз-2014» көркем шоу өтіп жатыр. Отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтуде. Одан басқа, алаңда түркі халықтарының дәстүрлі тағамдарының фестивалі, «Әлем көркемсуреті» инстоляциясы мен «Көктем туралы» пленэрлік музыка, спорт жарыстары мен ойындар өтуде.

Еске салсақ, Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы – шығыс түркі халықтарының күн күнтізбесі бойынша Жаңа жыл басталуын тойлауда.

Қазақстанда Наурызды ресми түрде үш күн – 21-23 наурыз аралығында атап өтеді. Биыл Қазақстандықтар 21-нен 25 наурыз аралығында демалады.

Ежелгі дәстүр бойынша, бұл Ұлыстың ұлы күні ағаш отырғызып, бұлақтардың көзін ашып, арықтарды тазартады. Мейрам қарсаңында үйлерді тазартып, ас пісіріп, ең бастысы - наурыз-көже дайындайды.

Наурыз мейрамы күндері Қазақстанның барлық өңірлерінде мерекелік шаралар өтеді. Шығармашылық және көркемөнерпаз ұжымдарының күшімен концерттер қойылып, театрландырылған шоу, конкурстар, викториналар, спорт жарыстары болып, ағаш отырғызылып, мерекелік жәрмеңке-сауда өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: