Мемлекет басшысына голланд қызғалдақтарының «президент Назарбаев» атты жаңа сұрпын сыйға тартты

Күні: 14:26, 04-05-2015.

Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концернінің атқарушы бас директоры Бен ван Берденді қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
« «Шелл» концернінің атқарушы директоры Мемлекет басшысының былтыр Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерландыға сапарлап барғанында оған «Президент Назарбаев» деп аталған қызғалдақтың жаңа сұрпы таныстырылғанын еске салды. Соған орай Б. Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан әкелінген осы сорттың жаңа кесілген гүлін сыйлады», - делінген Ақорда сайтында дүйсенбі жарияланған хабарда.
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысы және еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы мәселелері талқыланғаны аталады.
Сондай-ақ ынтымақтастықтың түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін қамтитын перспективалы бағыттары да сөз болды. Тараптар өзара іс-қимыл аясын одан әрі жандандыру мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан президенті компания қызметіндегі өзгерістерге, оның  «Би Джи Групп» компаниясымен бірігуі жоспарланып отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі ретінде «Шелл» Қашаған кенішін игеру жобасында маңызды рөл атқаратынын айтты.
Мемлекет басшысы компанияның міндеттемелеріне өзгерістер оң ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.  


Жаңалықтармен бөлісу: