Мемлекеттік отандастар бағдарламасымен Ресейге көшіп барғандардың үштен бірі Қазақстаннан

Күні: 19:51, 26-08-2014.

Астана. 26 тамыз. ҚазТАГ – Биылғы қаңтар-наурызда Ресей Федерациясына ерікті түрде көшуге қолқабыс ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен көшіп барғандардың 31,3% Қазақстанға келеді, деп хабарлады РФ федералдық көші-қон қызметінен (ФКҚҚ).
«Нәтижесінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғалы 2014 жылғы 1 сәуірге дейін РФ аумағына 178,1 мың адам көшіп келді, оның ішінде 2014 жылғы І тоқсанда – 15,7 мың адам көшіп келді. Ол былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 1,67 есеге артық», - делінген ФКҚҚ сайтында жарияланған есепте.
Атап айтқанда, І тоқсанда ең көп көшіп келгендер келесідей елдерге келді: Қазақстаннан – 31,3%, Молдавия – 16,1%, Өзбекистан – 15,2%, Украина – 11%, Армения – 10,3%, Тәжікстан – 7,3%, Қырғызстан – 4%, Әзербайжан – 2,1% басқа да елдерден – 2,3%.
Репатрианттардың басым бөлігі РФ аумағынан тыс жерлерден орталыққа – 43,1%, сібір – 26,3% және солтүстік-батыс федералдық округқа – 11,5% көшіп келіпті.
РФ-ға көшіп келгендердің 33,4%-ы ауылды жерлерді, 66,6% - қаланы таңдапты (бір жыл бұрын бұл қатынас сәйкесінше 26,2% және 73,8% болған еді).
«Мемлееттік бағдарламаны іске асыру басталғалы 2014 жылғы 1 сәуірге отандастардан мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға 172,3 мың анкета (382,5 мың адам) тапсырылды, оның ішінде есептік кезеңде - 13,8 мың өтініш (32,3 мың адам), ал ол былтырғы есептік кезеңмен салыстырғанда 2,44 есеге артық болды», - деп көрсетілген есепте.
Қаңтар-наурыз аралығындағы есепте көрсетілгендей, бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп өтініш бергендердің ең көбі Қазақстаннан (жалпы өтініштердің 31,8%) екен.
Одан кейін Молдавия – 15%, Украина – 13,8%, Өзбекстан – 12,9%, Армения – 10,1%, Қырғызстан – 7,7%, Тәжікстан – 4,5%, Грузия – 1,1%, Әзербайжан – 0,8%, Түркменстан – 0,7%, Белоруссия – 0,3%, басқа елдерден – 1,3%.
Бұл ретте өтініш бергендердің көбі орталық ресейге (36,7%), сібірге (21,7%) және солтүстік-батыс федералдық округке (15,4%) көшіп барғысы келеді екен.
Бағдарлама басталғалы көшіп-қонушыларға 108,2 мың куәлік (229 мың адам) беріліп, оның ішінде І тоқсанда – 14,7 мың куәлік (32,9 мың адамға) беріліпті.


Жаңалықтармен бөлісу: