Меморгандар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тілдер туралы заңды сақтамағаны үшін жауапкершілік қарастырған бөлігін қайта қарайтын болады

Күні: 20:04, 04-12-2014.

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев меморгандарға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (ӘҚБтК) тілдер туралы заңды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырған бөлігін жетілдіру туралы ұсыныс енгізуді тапсырды, делінген ҚР премьер-министрдің сайтындағы хабарда.  
Үкімет баспасөз қызметінің сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық телеарналарда заңнамадағы тілдік талаптардың сақталуы мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты.
Кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев телеарналар эфиріндегі қазақ тілді контент үлесін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Онда отандық телеарналардың эфиріндегі қазақ тілді хабарлардың үлесін арттыру бойынша іс- шаралар, сондай-ақ, тілдік тепе-теңдіктің сақталуына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға тілдер туралы заңнаманың сақталмауына қатысты жауапкершілікке тарту бөлігі бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тиісті тапсырмалар берді, делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: