Меморгандардағы сыбайлас жемқорлықтан Қазақстан жыл сайын шамамен $4 млрд жоғалтады

Күні: 12:09, 02-05-2017.

Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ – Меморгандардағы сыбайлас жемқорлықтан Қазақстан жыл сайын шамамен $4 млрд жоғалтады, делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Ұлттық баяндамада.
«Халықаралық валюта қорының мәліметтерінше, сыбайлас жемқорлықтан әлемдік ЖІӨ жыл сайын 2% жоғалтады, ол $1,5-2 трлн. Егер осындай есепті Қазақстанға қатысты жүргізетін болсақ, онда жыл сайын Қазақстан  $3,8 млрд жоғалтады», - делінген дүйсенбі күні жарияланған баяндамада.  
Баяндамада сыбайлас жемқорлықтың ең басты себебі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету процедурасының жетілмегендігі мен мүдделер қақтығысы айтылады.
2016  жыл нәтижесінде жалпы республикада 2807 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелсе, оның үштен бірі пара алуға әкеледі. Сондай-ақ жымқырушылық, қызмет бабын асыра пайдалану, жол салуда, жер қатынастарында, білім мен денсаулық сақтау салаларында байқалады.


Жаңалықтармен бөлісу: