Мемтасырыс бойынша техникалық айырықшаламада материалдардың қолжетімділігі немесе қолжетімсіздігі туралы мәселе тіпті қойылған емес - Матаев

Күні: 18:12, 22-09-2016.

Астана. 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев судьяның ҚазТАГ агенттігіндегі ақылы материалдарға қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Мен құрылтайшы ретінде жауап бере аламын. Біз агенттік өзі ақша табу керек деп шештік, және материалдардың барлығы бірдей жабық болған емес», - деп жауап берді бейсенбіде С.Матаев судьяның ҚазТАГ сайтындағы ақылы материалдар туралы сұрағына.  
Ол тендерлік және конкурстық материалдарда, шартта, техникалық айырықшаламада материалдардың қол жетімділігі немесе қол жетімсіздігі туралы мәселе жалпы қойылмағанынан хабардар етті.  
«Біз ешкім таратпаған эксклюзивті хабарларды беріп отырдық. Бізден бұл ақпаратты әлбетте сатып алып отырды», - деп түсіндірді Қазақстан Журналистер одағының төрағасы.  
Бұған дейін Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының меңгерушісі Евгения Журавлева да сотта техникалық айырықшаламада ақпаратты ақылы режимде жариялауға ешқандай тыйымның салынбағанын мәлімдеген болатын.  
«Ол жерде қол жетімділік туралы мүлде жазылмаған.  Онда «ашық» немесе «жабық» деген сөз мүлде жоқ. Ол мәселе қаралған жоқ», - деп атап өтті  Е.Журавлева.


Жаңалықтармен бөлісу: