Мереке күндері Қазақстанда 40 градустық ыстық сақталады

Күні: 15:59, 05-07-2017.

Астана. 5 шілде. ҚазТАГ – 6-10 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстігінде 40 градустық ыстық сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Республиканың оңтүстік жарысында орныққан өте қатты ыстық ауа райы күндіз 40 градусқа дейін барып, мереке күндері де сақталады», - делінген хабарда.
Жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жауын жауып, екпіндетіп жел соғады. Ауа температурасы алдағы екі күнде нормаға жақын, одан кейін көтеріледі деп күтілуде.
Астанада 6-7 шілдеде өткінші жауын жауады, күн күркірейді, солтүстік-батыстан басталған 9-14 м/с жел, оңтүстік-батысқа ығысады, күндіз ауа температурасы +31+35°С. 8 шілдеде Астанада жауынсыз, оңтүсті-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, ауа температурасы +33+35°С.
Алматыда мереке мен демалыс күндері жауын жаумайды, 0-5 м/с жел соғады, ауа температурасы +36+39°С.


Жаңалықтармен бөлісу: