«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Теміртау қаласында тұратын Куриленколар жанұясы жеңімпаз атанды

Қарағанды. 18 қыркүйек. ҚазТАГ - «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында 2017-ші жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұратын Куриленколар отбасы лауреат атанды, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда айтылғандай, ақтық сайыста жеңімпаз sms/интернет дауыс беру арқылы 16 үміткерлер арасынан таңдалды.
Ұлттық дауыс беруде ең көп дауыс жинаған Куриленколар отбасы болды. Отағасы Николай Семенович 90 жаста. Ол - Ұлы Отан Соғыс ардагері. Майданнан оралған соң ол Теміртауға келген, 45 жыл металлургиялық комбинатта дәнекерлеуші, шебер, учаскі басшысы қызметін атқарған. Жұбайы Мария Федоровнамен бірге алпыс жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеді. Өткен жылы «темір» тойларын атап өткен. Бес баланы асырап, ел қатарына қосқан. Қазір қариялардың 10 немересі 7 шөбересі бар.
Марапаттау салтанаты 16-шы қыркүйекте Астана қаласында «Қазақстан» концерт залында өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев байқауға қатысушыларға құттықтау сөздерін жолдаған екен. Оны ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасы-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссиясының төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова оқып берді.
«Отбасы әр уақытта салауатты қоғам мен мықты мемлекеттің негізі болған. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында тату қазақстандық отбасында жаңа ұрпақ тәрбиеленіп өсті. Олар мемлекеттіліктің жаңа ғасырының құндылықтарында – отансүйгіштікте, еңбекқорлықта және жасампаздықта тәрбиеленді. Дәл осы жас ұрпақ Үшінші жаңғырудың – білімге ұмтылған, бәсекеге қабілетті, әлемге және инновацияларға ашық жетекшілері болады», - деп жазылған жолдауда.
Гүлшара Әбдіхалықова жеңімпаз отбасына естелік ескерткішті табыс етіп, микроавтобус кілтін сыйға тартты. Басқа да жеңімпаздарға дипломдар мен 300 теңгеге сертификаттар табыс етілді.

adimage