Михаил Ломтадзе Қазақстанда бизнестегі ең үздік басшы деп танылды

Күні: 12:48, 11-06-2020.

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ - Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) халықаралық жетекші консалтингтік компаниясы жүргізген СЕО Survey 2020 сауалнамасының нәтижесі бойынша Қазақстанда бизнестегі ең үздік басшы болып танылды.
Сауалнамаға экономиканың әртүрлі секторларынан 68 ірі қазақстандық компания қатысты. Респонденттер Kaspi.kz басшысын елдегі алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануда көшбасшы деп атады, сондай-ақ оның бейімделгіш, стратегиялық пайымы және клиентке бағдарлану сияқты қасиеттерін атап өтті.
«Сауалнамаға қатысқан барлық адамға және зерттеуді ұйымдастырғаны үшін PwC компаниясына рақмет айтамын. Біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту мақсатында инновациялық өнімдер мен сервистерді жасауда және дамытуда бас көтермей жұмыс істеп жүрген керемет командамыздағы әр адам бұл марапатқа лайықты. Бірге жұмыс істей отырып, біз бір-бірімізден үйренеміз, үнемі дамып, жақсара түсеміз»,- деді Михаил Ломтадзе.
PwC бұл зерттеуді бүкіл әлем бойынша 23 жыл, соңғы 8 жыл — Қазақстанда жүргізіп келеді. Сауалнаманың негізгі мақсаты — басшылардың жаһандық және ұлттық экономикадағы жағдай туралы пікірін бағалау, бизнесті дамыту үшін тәуекел факторлары мен мүмкіндіктер туралы білу.
Зерттеудің толық нұсқасымен PwС сайтында, ал ішінара Forbes Kazakhstan-ның маусым айындағы нөмірінде танысуға болады.

Бастапқы фотосурет:


Жаңалықтармен бөлісу: