Өмір сүру қымбатшылығы индексі жағынан Қазақстан 121 орынның ішінде 119-шы орын алды

Күні: 13:03, 16-06-2016.

Алматы. 16 маусым. ҚазТАГ – Өмір сүру қымбатшылығы индексі жағынан Қазақстан 121 орынның ішінде 119-шы орын алды деп хабарлады Numbeo порталы.
Портал мәліметтерінше Қазақстан өмір сүру арзаншылығы жағынан әлемдегі төртінші мемлекет болды. Портал мәліметтерінше, өмір сүру бұдан да арзан мемлекеттер Пәкстан, Молдовия мен Үндістан болып шықты
Эстония 58-ші орын алды, Латвия – 68-ші, Литва – 69-шф, Өзбекстан – 72-ші, Беларусь – 88-ші, Россия – 91-ші, Армения – 101-ші, Әзербайжан – 114-ші, Грузия – 116-ші, Украина – 117-ші.
Ұлыбритания 12-ші орында, США - 21-ші, Германия – 29-шы, Қытай -61-ші орында.
Өмір сүруге ең қымбат елдер ретінде Бермудтар, Швейцария мен Багам аралдары танылыпты. Бұл ретте ірі қалалардағы өмір сүру құны жалпы елдегі өмір сүру құнына сай келмейді екен.
Қалалар бойынша өмір сүру құны индексі жағынан Алматы 497 орынның ішінде 445-ші орын алды және Алматы ол тізімге енген жалғаз қала болып шықты.
Таллинн 310-шы орында, Рига – 325-ші, Вильнюс – 328-ші, Ташкент – 330-шы, Москва – 338-ші, Ереван – 404-ші, Баку – 447-ші, Киев – 453-ші, Тбилиси – 455-ші, Кишинев – 473-ші. Нью-Йорк 15-ші орында, Лондон – 22-ші, Берлин – 230-шы, Пекин – 302-ші орында.
Өмір сүруге ең арзан қалалар ретінде оңтүстік кореялық үш қала - Мадураи, Коимбатур және Тируванантапурам қалалары танылыпты. Ең қымбат қалалар – Бермудтағым Гамильтон  қаласы мен швайцариялық Цюрих және Базель қалалары екен.
Индексті құрастырғанда азық-түлік бағалары, коммуналдық қызмет, көлік, спорт пен ойын-сауық, киім мен аяқ киім, баспананы жалға алу және сату құны, ипотека, сондай-ақ жалақы деңгейі есепке алыныпты.


Жаңалықтармен бөлісу: