Митрополит Александр Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты орденмен марапаттады

Күні: 18:00, 31-10-2014.

Алматы. 31 қазан. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстан Республикасындағы орыс православиелік шіркеуінің митрополиялық округының басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты «Қазақстан православиелік шіркеу алдында сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттады.
«Қазақстан халқының игілігіне қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жолында Сіздің сіңірген еңбегіңіз үшін Сізді Қазақстан Метрополиялық округының «Сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттауды дұрыс деп есептеймін», - деді Митрополит Александр, жұма күні орденді тапсырып тұрып.
Бұл ретте ол С. Матаевтың орыс православиелік шіркеуіне көрсетіп отырған қолдауын қадап айтты.
«Рухани өмір оқиғаларын алдын-ала хабарлап және жазып отыруда, қоғамға мерекелер мен ескеретін күндер туралы ақпаратты таратуда, Митрополиялық округтың баспасөз қызметінің жобаларына қолдау көрсетуде Сіздің Қазақстан православиелік Шіркеуіне көрсетіп отырған көмегіңізді шын жүрегіммен ерекше атап өткім келеді», - деді Митрополит.
Сондай-ақ Митрополит Александр С. Матаевтың Қазақстан журналистикасына сіңірген еңбегін атап өтті.
«Көп жылдан бері Сіз, құдай берген дарын мен күш-жігеріңізді Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дамыту және жетілдіру үшін қолданып, журналистика саласында адал еңбек етіп келесіз. Сіздің қызметініңіздің негізінде бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы көбінесе қоғам көңіл күйін айқындап, көпұлтты Қазақстан халқының бірігуіне себепкер болып, ортақ құндылықтар мен бағыт-бағдарды айқындауға қызмет етеді деген ұлы ұғым жатыр», - деп ол қадап айтты.  


Жаңалықтармен бөлісу: