«Нұр Отан» партиясының XVI съезінің делегаттары бірауыздан Назарбаевты президенттікке үміткер ретінде ұсынды

Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінің делегаттары партия төрағасы, ҚР президенті Н. Назарбаевты бірауыздан 26 сәуірде кезектен тыс өтетін президенттік сайлауда президенттікке үміткер ретінде ұсынды.
«Маған қаулы мәтінін оқуға рұқсат етіңіздер: «Қазақстан Республикасында сайлау туралы» конституциялық заңның 55 бабына сай «Нұр Отан» партиясының XVI съезі ҚР президенттігіне үміткер ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұсыну туралы қаулы етеді. Кім қолдайды? Рахмет, Қарсы? Жоқ! Қалыс қалғандар жоқ. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінің шешімімен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір ауыздан ҚР президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды», - деді партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде.

adimage