Нұр-Сұлтанда 330 медқызметкер коронавирус жұқтырды

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Нұр-Сұлтанда 330 медқызметкер коронавирус жұқтырды, деді елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
«Жалпы қала бойынша медқызметкерлер арасында ауру жұқтырудың 330 жағдайы тіркелді, барлығы Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардікі: республикалық, қалалық, ведомстволық. Соның ішінде денсаулық сақтау басқармасы медұйымдарында – 200 (медқызметкер – ҚазТАГ)», - деді Қисықова жұма күні ОКҚ-нен.
Оның айтуынша, олардың үштен бір бөлігі коронавирусты инфекция жұқтырғандарды емдеу-диагностикалық процесіне жұмылдырылған.

adimage