Нан бағасын ұстап тұру үшін мемлекеттік бюджеттен жылына 11,5 млрд теңге жұмсалып отырды – А.Мамытбеков

Күні: 19:01, 10-11-2015.

Астана. 10 қараша, ҚазТАГ - Әлеуметтік нанның бағасын реттеуге мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 11,5 млрд теңгеге дейін жұмсалды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ОКҚ брифингінде деп көрсетілген primeminister.kz. сайтында.  

«2014 жылдың 1 қазанынан бастап 2015 жылдың 1 қазанына дейін мемлекеттік бюджет осы мақсаттарға (субсидиялауға) 11,5 млрд теңге жұмсады. Оған қоса, бағалар босатылған жағдайда нан бағасының қымбаттауы қалтасын айтарлықтай қағатын санаттар үшін атаулы әлеуметтік көмек арттырылатынын айта кеткен жөн. Елімізде ондай санаттағылардың саны 36,5 мың адам, олардың саны миллион адам болады десек те, жылына шамамен 2 млрд теңге жұмсалады. Бұл айтарлықтай аз және әлеуметтік тұрғыда әділетті», - деді А.Мамытбеков.

Ол уақыт өте келе, бағалар мемлекет тарапынан реттелмеген кезде бәсекелестік өркендеп, көптеген елдердегідей нан және нан-тоқаш өнімдерінің өндірісі бәсекеге қабілетті бизнеске айналатынын атап өтті.

«Өкінішке қарай, өңірлерде әділетті нарықтық баға қалыптасуы үшін нан өндірісінде жеткілікті бәсекелестік жоқ, бұл өндірушіге де пайда табуға, сонымен бірге тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік берер еді. Сондықтан, көптеген өңірлерде өндірушіге орынды рентабельділікті қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы сипаттағы тетіктер іске қосылады», - деп түсіндірді ҚР АШМ басшысы.

Министр баса айтып өткендей, нарықтық және бекітілген нан бағасының арасында үлкен айырмашылық болмайды, себебі бұл өнімнің басқа түрлерін «мемлекет баяғыдан бері реттемейді».

«Меніңше, бұл саясатты одан әрі қолданған жөн. Субсидия нормативінің көлемі тонна астық үшін 5 мың теңгені құрап отыр. Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап ол 2,5 мың теңгеге төмендеді, ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап нөлге теңеседі. Бұл шара жергілікті бюджеттен өндірілетін болады және толық нарықтық бағаға келесі жылы енгізіледі», - деп нақтылады АШМ басшысы.

Мәлім болғандай, Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік нанды субсидиялау тоқтатылады. Осының салдарынан ҚР-да қалыпты нанның бағасы бір келі ұнның бағасына дейін, яғни бір бөлкеге 80-90 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, ҚР Мемлекеттік комиссиясы экономиканы жаңғырту мәселелері бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап нан бағасын реттеуден бас тартып, нан бағасын белгілеудің нарықтық тетіктеріне көшу туралы шешім қабылдады. Азық-түлік тауарларына бағалардың артуын өтеу үшін табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек институтын пайдалану шешімі қабылданды.


Жаңалықтармен бөлісу: