Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қытайлық Нанкин қаласындағы ІІ жазғы жастар Олимпиадасында қазақстандық чемпиондардың алтын медальдары үшін берілген сыйақының сомасы $35 мыңды құрады, деп мәлім етті ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
«Үкімет қаулысымен алтын медальдар үшін 10 мың доллардан сыйақы, күміс үшін – 5 мың доллардан, қола үшін – 3 мың доллар сыйақыдан берілді», - деді А. Мұхамедиұлы жұма күнгі брифингте.
«Және біздің ауыр атлетика, бокс, күрес федерацияларымыз да өздерінің сыйлықтарын табыс етті. Алтын медальдар үшін – 25 мың доллардан, күміске – 15 мың, қолаға – 10 мың доллардан», - деді ол.
Оның айтуынша, одан басқа, чемпиондарды баптаған бапкерлер де ақшалай сыйақылар алды.
ІІ жазғы жастар Олимпиадасы Қытайлық Нанкин қаласында 2014 жылғы 16-28 тамыз аралығында өтті. Оған 204 елден келген жастары 14-18 аралығындағы 3,8 мың спортшы қатысты. Олар спорттың 34 түрінен 222 сыйлық комплектісіне таласты. Қазақстан құрама командасын спорттың 21 түрінен 51 спортшы бастап барды.
Ойын қорытындысында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Ойын чемпиондары атанғандар: Бауыржан Жауынтаев (дзюдо, 55 кг), Аблайхан Жүсүпов (бокс, 60 кг) және Мухаммед Қуатбек (еркін күрестен, 54 кг).
Күміс медль - Вадим Казаков (бокс, 81 кг).
Қола медаль - Жасұлан Қалиев (ауыр атлетика, 77 кг), Татьяна Капустина (ауыр атлетика, 63 кг-нан жоғары), Евгений Поливадов (грек-рим күресі, 69 кг), сондай-ақ гимнастшылар командалық көпсайыста: Виктория Гуслякова, Нұрай Құмарова, Амина Қожахат, Әлия Молдахметова, Дарья Медведьева.
Бейресми командалық есепте Қазақстан 21-ші орында болды.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46