Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Бұдан былай наркологиялық, психоневрологиялық және туберкулез диспансерінен анықтаманы Telegram арқылы алуға болады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша үш қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Енді Telegram көмегімен азаматтар келесі қызметтерді сұрай алады: наркологиялық диспансерден анықтама; психоневрологиялық диспансерден анықтама; туберкулез диспансерінен анықтама беру», - делінген хабарда.
Ақпарда атап өтілгендей, аталмыш анықтамалар тегін ұсынылады.
«Аталған анықтамаларды онлайн режимде алу жеңіл, әрі азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді (мысалы, жүргізуші куәлігін ауыстырған кезде). Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзіңіздің гаджетіңізде, Telegram мессенджердегі ботты іске қосу қажет (@EgovKzBot деп іздеу керек). Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады», - делінген хабарда.
ҰАТ ақпарынша, қазіргі уақытта Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтердің саны 20-ға жетті.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда облыстық автожолдың 10 шақырымын қайта жаңартуға Т3,8 млрд астам жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 11:36 -
Жұма күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
20 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды
20 Қыркүйек 2024, 08:52 -
Тоқаев бірқатар тағайындаулардан кейін күштік құрылым басшыларының жаңа орынбасарларын қабылдады
20 Қыркүйек 2024, 08:50 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі
20 Қыркүйек 2024, 08:45