Наурыз мерекесі кезеңінде Алматы мен Астанадан қосымша поездар жіберіледі

Күні: 10:38, 09-03-2017.

Алматы. 9 наурыз. ҚазТАГ – Наурыз мерекесі кезеңінде жолаушылар тасымалына сұраныс артуы себепті қосымша поездар тағайындалды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Ақпаратқа сай, қосымша поездар Астана-Алматы бағытымен жіберіледі (Астанадан 18 наурызда, Алматыға 19 наурызда келеді, бір бағытта ғана); Алматы2 – Астана (Алматыдан 18 наурызда шығып, Астандан 19 наурызда, бір рейске); Алматы-Павлодар (Алматыдан 19 наурызда, Павлодарға 21 наурызда барады, бір бағыттық); Алматы2-Арыс1 (Алматыдан 17 наурызда, Арыстан 18 наурызда, бір рейс).
Еске салсақ, Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлайды. Наурыз – шығыс түркі халықтарында күн күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталуы. Қазақстанда Наурыз ресми түрде 21-23 наурыз аралығында тойланады.


Жаңалықтармен бөлісу: