Наурыздағы мерекелерде қазақстандықтар 8 күн демалады

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Наурыздағы мерекелерде қазақстандықтар 8 күн демалады, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттік мереке «Халықаралық әйелдер күні» - 8 наурыз - жексенбі, демалыс күнге сай келеді, демек демалыс күн дүйсенбіге ауыстырылады», - делінген бейсенбі күні агенттік сауалына берген жауапта.
Одан басқа, ведомство мәліметтерінше, Наурыз мейрамында Қазақстан азаматтары 5 күн демалады.
«Мемлекеттік мереке «Наурыз мейрамы» 21 – 23 наурызда аталып өтіледі, олардан 21 және 22 наурыз сенбі жексенбіге сай келеді. Демек аталған демалыс күндері 24 және 25 наурызға көшіріледі», - делінген министрлік берген жауапта.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сай демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.
Сонымен қатар ҚР Еңбек кодексінің 97 б. 4 т. сай жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұлттық және мемлекеттік мереке кезеңдерінде үкімет демалыс күндерді басқа жұмыс күндеріне ауыстыруына құқықлы.

adimage