Назарбаев Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысады
Астана. 29 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«1 наурызда Қазақстан Президенті Алғыс айту күніне арналған салтанатты шараларға қатысады», - делінген бейсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Сонымен қатар, сол күні мемлекет басшысы Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездеседі деп жоспарланып отыр.
2 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларын қабылдайды.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР президентінің жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленген. Осы күні барлық шаралар қазақстандық халықтың бірлігі мен келісімін нығайтуға, мемлекеттік тілді дәріптеуге, өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге бағытталады.