Назарбаев Атамбаевқа «Достық» орденін табыстады

Күні: 12:50, 07-11-2014.

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевқа І дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
«Қазақстан президенті Қырғыз Республикасының президенті А. Атамбаевқа І дәрежелі «Достық» орденін табыстады», - делінген Ақорданың ресми Twitter аккаунтындағы жұма күнгі жазбада.
Еске сала кетейік, А. Атамбаев бірқатар кездесулерге қатысу үшін мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Елбасының төрағалығымен Қырғызстан мен Қазақстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
«Достық» ордені – қоғамдағы өзара келісімді сақтау бойынша өнімді жұмысы, халықтар арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін азаматтарға табысталатын ҚР мемлекеттік сыйлығы.


Жаңалықтармен бөлісу: