Астана. 8 сәуір. ҚазТАГ- Айнагүл Бекеева. Қазақстанның сайланған президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика халқына қызмет ету антын берді.
«ҚР Конституциясының 42 бабына сәйкес, Қазақстан президенті халыққа ант бергеннен кейін ресми түрде қызметке кіріседі.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын ұстануға, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беруге, өзіме артылған міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді Н. Назарбаев.
Н. Назарбаев ҚР президенті болып жарияланғаннан кейін ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов оған Қазақстан Республикасы президентінің куәлігін табыс етті.
Мемлекеттік әнұран орындалып, 21 дүркін артиллериялық оқ атылды.
Заң бойынша, ант беру рәсімі салтанатты жағдайда парламент депутаттарының, Конституциялық кеңес мүшелерінің, Жоғарғы сот судьяларының, үкімет мүшелерінің, басқа да орталық мемлекеттік органдардың басшыларының, инаугурация қонақтарының, шетелдердің басшылары мен үкімет басшыларының, Қазақстандағы дипкорпус өкілдерінің қатысуымен өтеді.