Назарбаев Қазақстан халқына бесінші рет ант береді

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Жаңа мерзімге қайта сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі Астанада сәрсенбі күні өтеді. Салтанат Тәуелсіздік сарайында өтеді.
ҚР Конституциясының 42 бабына сәйкес, Қазақстан президенті халық алдында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болып, жүктелген міндеттемелерді адал ниетпен атқаруға ант берген сәттен бастап лауазымына кіріседі.
Салтанат залына мемлекеттік рәміздерді, Қазақстан Конституциясын, мемлекеттік туды кіргізеді.
Президент Ата заңмен ант етеді. Халық алдында салтанатты түрде ант бергеннен кейін әнұран орындалып, президент резидент үстінде мемлекеттік байрақты көтеру өтеді. Кейін Н. Назарбаевқа президенттің куәлігі, төсбелгісі, штандарты және «Алтын Қыран» ордені табысталады. Президент ұлықтау рәсіміндегі сөзін сөйлейді, артынша оған қарулы күштердің шерулік жасақтары сәлем береді.
Осы салтанатта шақырылған шетелдік қонақтардың көп саны күтілмейді. Ол қатаң түрде хаттамаға сай өтеді.
Бүкіл салтанат мемтелеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 26 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауы өткен болатын. Н. Назарбаевқа сайлаушылардың 97,75% даусы берілген.
Ол 1990 жылдан бері Қазақстан президенті болып табылады. Мемлекет басшысының бірінші бүкілхалықтық сайлауы 1991 жылдың желтоқсанында өтті. 1995 жылдың 29 сәуірінде, бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде, оның өкілеті 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың қаңтарында Н. Назарбаев балама негізде президент болып сайланды. Үшінші сайлау 2005 жылдың 4 желтоқсанында өтті, ол кезде Н. Назарбаев сайлаушылардың 91,5% даусын алды. Және сайлаушылардың 95,5%-ы 2011 жылда өткен сайлауда да Н. Назарбаевты таңдаған.

adimage