Назарбаев қазақстандық ер-азаматтарға әйелдерге қалай ұнау керегін айтты

Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ер-азаматтарға әйедерге қалай ұнау керегін айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.  
«Әйелдерге қалай ұнау керек? Егер ол сұлу болса – «Қандай ақылдысың» де. Егер онша көрікті болмаса – «Әдемі болып тұрсың» де.  Егер не айтарыңды білмесең – «Сымбатты болып кетіпсің» де. Сендерді үйретіп-ақ келем ғой осы», - деді сейсенбіде Ақордадағы әйелдер қауымының өкілдерімен кездесуде Н. Назарбаев.
Еске салсақ, Ақордада мемлекет басшысының әйелдер қауымынң өкілдерімен кездесуі өтіп жатыр. Кездесуге 18 әйел шақырылды. Олардың ішінде бала құқығы жөніндегі өкілетті,
парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиады-2017 чемпионы Анна Шевченко, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, «Астана-Балет» театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көпбалалы ана Оксана Мукашева, қобыздан халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, Астана қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назилия Раззак, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Оксана Давыденко, ҚР ҚК Парашют дайындығы орталығының аға маманы Римма Рамазанова және басқалары бар.

adimage