Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ - Байтас Құрманов. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнімен және православиялық Пасхамен құттықтады.
«Алда Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр тұр. Мен осы сәтті пайдаланып барша қазақстандықтарға, менің қымбатты достарым, сіздерге, бақ пен береке және табыс тілеймін. Әр кез біздің киелі қазақстандық жерімізге, біздің дана, дарынды, көпэтносты халқымызға жаратушының нұры жаусын!», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) XXIV сессиясында.
«Менің сөзімді растағандай, өздеріңіз білесіздер, биыл Қазақстан халқының бірлігі, 1 мамыр күні Пасхамен – православиелік мерекемен сай келіп тұр. Басталғалы тұрған осы мерекемен де сіздерді құттықтаймын! Біз Құрбан айтты да, Ораза мен Пасханы да, Рождествоны да, еврейлердің мерекесін, басқа да мерекелерді тойлаймыз. Ол тамаша емес пе? Мереке көп болған сайын көбірек тынығамыз, тірлік жасаймыз. Дүкендер, мейрамханалар қуанады», - деді ол.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51