Назарбаев қазақстандықтарды Украинадағы оқиғалардан сабақ алуға шақырды

Күні: 16:03, 25-12-2014.

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Украинада болып жатқан оқиғалардан сабақ алуға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Мен мемлекеттердің барлық көшбасшыларын жеке-дара кездесіп, келіссөздер үстеліне отырып, ымыраға келіп, (Украинадағы – ҚазТАГ) мына жүгенсіздіктің бәрін тоқтатуға шақырамын», - деді Н. Назарбаев бейсенбі күні күні индустрияландыру картасы жобасын таныстыру жөніндегі жалпыұлттық телекөпір барысында.
«Біздер, қазақстандықтар үшін бұл – үлкен түйін. Тек келісім мен тұрақтылық жағдайында ғана біз қолымыз жеткен нәрсеге қол жеткіздік. Қанеки, соны қастер тұтып, аялайық. Егер шайқалтып, мұны бұзуды тілейтіндер болса, онда біз оған барлық күшімізбен лап қоюға тиіспіз», - деп толықтырды ол.
ҚР президентінің ойынша, тіпті украин билігі Донбасс пен Луганскіні қайта қалпына келтіру үшін қанша қаражат керек екенін де білмейді.
«Украина премьері, Яценюк мырза былай дейді: Украинаның өзін қайта қалпына келтіру үшін жалпы қанша қаражат қажет екенін тіпті елестете де алмаймын деп. Барлығы қиратылған, бомбаланған, атылған!», - деп баса айтты мемлекет басшысы.
Ол соғыстардың өртін саясаткерлер тұтатады деп есептейді. «Қалайша қарапайым адам үйінен шығып алады да, қолына күрек алып, соғысуға, біреуді өлтіруге аттанады деп ойлайсыздар? Дәнеңесі де жоқ! Оларды саясаткерлер туысын өлтірушілікке жөнелтеді. Ондай саясаткерлерді демократия және тағысын тағы туралы сарнамай тұрғанда дер кезінде тоқтату керек. Елдің барша халқы үшін», - деп түсіндірді Н. Назарбаев.
Оның ақпарынша, Украинадағы азаматтық соғыс кезінде 5 мыңға жуық адам қаза тапқан. «5 мың шақты адам не үшін қаза тапты? Жартысынан көбі – қарттар, әйелдер мен балалар. 10 мыңға жуығы жаралы, мүгедектер. Қандай идеалдар үшін? Не үшін күресті? Нені қорғады? Қандай жауларға қарсы?», - деген риторикалық сауалдарын жолдады ҚР президенті.


Жаңалықтармен бөлісу: