Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен Ұлттық банктен банктерді тазалау жұмыстарын қадағалауды тапсырды.
«Банкротқа ұшырау институты нарықтық елдерде барынша тараған құбылыс болып табылады. Сендер қорқақсыңдар, үкімет те, министр де емессіңдер. Шешім қабылдау үшін аяқ-қолдарың дірілдейді, онда не үшін жұмыс жасап жүрсіңдер? Маған барлық банкті тазартыңыздар, өз міндеттеріңізді адал атқардыңыздар деп санаймын, сосын отставкаға кетіңізер! Міне бұл жұмыс болады!», - деді Н.Назарбаев сәрсенбіде үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.
Ол атап өткендей, бүгінде банктерде салымшылардың ақшаларын ұрлап жатқан акционерерді түрмеге отырғызатын заң жоқ.
«Қаржы жүйесін алайық. Банк құрады, жұмыстарын бастайды, адамдар сенеді, ақшаларын әкеледі, квазимемсектор ақшасын салады, сосын оны акционерлер шығара бастайды, қаржыны ұрлай бастайды. Бізде оны сол үшін түрмеге отырғызатын заң жоқ. Бүкіл әлемде солай. Кетеді, қашады. Біз оларды қуамыз, жүгіреміз. Данияр (Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев - ҚазТАГ) басыңмен жауап бересің. Міне саған заң берді, мен бөлек бақылау жасайын деп едім, сен «Жоқ, қадағалаймын» дедің. Енді қадағала және жауап бер! Банк жұмыс жасап тұрғанда акционерлердің алып кетпеуін, ақшаны ұрламауын қадағалау керек. Тапа-тал түсте. Біз мында не үшін отырмыз? Бұл толықтай дәрменсіздікті білдіреді», - деп атап өтті Қазақстан президенті.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46