Астана. 31 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәйекті түрде 5 институционалдық реформа жүргізуді ұсынды.
.
Сейсенбі күні ресми БАҚ-та жарияланған Н.Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасында айтылғандай, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының барлық міндеттерін шешу және «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу үшін бес институционалдық реформаны дәйектілікпен жүргізу барысында өз мемлекетімізді нығайтуымыз керек.
Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанның алдында мынандай міндеттер тұр. Біріншіден, жаһандық дағдарыстың мемлекет құрылысына ықпалының теріс сценарийіне жол бермеу. Екіншіден, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау. Үшіншіден, жаңа серпіліс үшін жағдайлар дайындау. Төртіншіден, әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қарай жылжуды жалғастыру.
«Жаһандық сын-қатерлер мен тәуекелдердің тереңдігі сондай, ол мемлекеттің тұрақтылығы мен табыстылығы туралы мәселені күн тәртібіне қояды», - деп санайды Н. Назарбаев.
«Бүтіндей алғанда, бой көрсетіп отырған жаһандық сын-қатерлерге қалыптан тыс және күшті жауап беру қажет. Біз «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының барлық міндеттерін шешу және «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу үшін бес институционалдық реформаны дәйектілікпен жүргізу барысында өз мемлекетімізді нығайтуымыз керек», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, мәселе «баршаға бірдей осы заманғы мемлекет», «заңның үстемдігі», «орнықты экономика», «болашағы біртұтас ұлт» және «ашық және халыққа есеп беруші мемлекет» турасында.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың заңсыз тарту фактісін анықтады
20 Қыркүйек 2024, 12:43 -
Тимур Әбілқасымов ҚНРДА төрағасының орынбасары болып тағайындалды
20 Қыркүйек 2024, 12:31 -
Аягөз гарнизонында қызмет еткен офицер өлі табылды
20 Қыркүйек 2024, 12:19 -
Kaspi.kz компаниялар тобы қысқа позицияда трейд жасайтын жобаның айыптауларын жоққа шығарды
20 Қыркүйек 2024, 11:59